мәзірі

Ұлттық
балалар ән
байқауы


Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының 2 – ші маусымы бастау алды


Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының  2 – ші маусымы бастау алды

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының екінші маусымы 12 мамыр, Павлодар қаласы, Естай атындағы мәдениет сарайында өтті. Еліміздегі ең ауқымды балалар ән байқауы осы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен өтеді.

«Бала дауысы» байқауының ашылуына арналған қайырымдылық концерті, 13- ші мамырдан 29- шы қазанға дейін созылатын республикалық шығармашылық марафонның бастауы болады.

13 мамыр – 22 маусым аралығында танымал музыканттар, композиторлар мен продюсерлерден тұратын «Жандану әлемі» Қорының шығармашылық тобы еліміздің барлық аймақтарында, Астана және Алматы қалаларында 7 және 13 жас аралығындағы өнерсүйер дараларға арналған «Бала дауысы» жобасының іріктеу кезеңдерін өткізеді. Әр қатысушыға естелік сыйлықтар мен жобаға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі. Ал, музыка пәні мұғалімдеріне арнайы баларға арналған жаңа ән жинақ тапсырылады. Іріктеудіңең жарқын сәттері 2 – ші қыркүйек пен 21- ші қазан аралығында байқаудың күнделіктерінде,жобаның ақпараттық серіктесі - КТК арнасының эфирінен көрсетіледі.

27, 28 және 29 қазан күндері«Алматы Арена» мұз сарайында байқаудың Супер-финалы өтеді. Көрермендер қазақ эстарада жұлдыздарының және байқау финалисттерінің қатысуымен өтетін үш жарқын және қайталанбас кештің куәгері бола алады.Байқаудың барлық ақтық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және смс-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды.

<< тізімге кері қайту