мәзірі

Ұлттық
балалар ән
байқауы


Сыр елінің жүрегін ән тербеткен балдырғандары


Сыр елінің жүрегін ән тербеткен балдырғандары

Кең байтақ Қазақстанның алтыншы аймағы Қызылорда облысына  «Бала дауысы» əн керуені келді. Байқаудың кезекті финалистін табу, 25 мамыр  А.Тоқмағамбетов атындағы мəдениет сарайында өтті. 

Əрбір аймақта  «Бала дауысы» достастықтың, шығармашылықтың ордасы болды. Іріктеуге ата-аналарымен, мұғалімдерімен бірге облыстың түкпір-түкпірінен 107 дарын иелері келді. Олардың көбісі дəстүрлі əндерді орындады.

Жүрегінің соғуы жиеленіп, тақымын қысқан Қызылорда облысының мəртебесін қорғайтын Шамбилова Назеркенің әкесі "Жұлдызды арман үйіне" жолдаманы Назерке иеленгенде қуаныштан көз жасына ерік берді.«Біз əрдайым байқауларға қатысуға тырысамыз, бірақ  «Бала дауысы» байқауы біз үшін арман болды! Біз бұлбайқауға бір жыл дайындалдық және ашылу салтанатын көргенде дайындық деңгейін он есе арттыру қажетекенін түсіндік. Толықтай репертуарды өзгертіп, ғаламтордан жұлдыздардың əн айтуын қарап, сахнамəдениетін үйде күнде дайындалып үйрендік. Мен өз қызыммен мақтанамын! Сіздерге рақмет!».

Мамыр айының 28-ші жұлдызында Əлия Нұрсұлтанқызының "Жандану əлемі" қорының бастауымен бастауалған «Бала дауысы»  балалар əн байқауының жетінші іріктеуі Ақтөбе қаласында өтеді. "Бала Дауысы" Ақтөбеоблысына жол тартады.

<< тізімге кері қайту