ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

«Бала дауысы-2020» - Кузьмина Олеся

Кузьмина Олеся - 2010 жылы 4 сәуірде Атырау қаласында дүниеге келген. 4 жасынан бастап Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында "Фантазия" вокалды студиясында эстрадалық вокалда оқиды. Жеке де, топ құрамында да өнер көрсетеді. Сондай-ақ, фортепиано мамандығы бойынша Құрманғазы атындағы музыкалық мектепте оқиды. Олеся музыкаға бала кезінен қызығушылық танытты. Ол сөйлеуден бұрын ән айта бастады. Оқу озаты, мектеп мақтанышы 6 жыл бойы белсенді шығармашылық қызмет атқарады, әртүрлі ауқымдағы қайырымдылық және мерекелік іс-шараларға қатысады. Кішкентай жасына қарамастан, Олеся сахнада өнер көрсетуде үлкен тәжірибеге ие және көптеген жеңістерге жетуде. Өнерге деген сүйіспеншілік пен әншілік талант әкелік жағынан берілді. Музыкада ол джаз бағытын ұнатып, әндерді орыс, қазақ, ағылшын, итальян тілдерінде орындайды. Кітап оқығанды ұнатады, өлеңдер мен әндер жазады. Болашақта сәтті жеке мансабын армандайды, сонымен қатар өзінің өлеңдер мен әндер кітабын шығаруды жоспарлауда.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»