ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

«Бала дауысы-2020» - Тұрғали Әлижан

Тұрғали Әлижан - 2011 жылы 22 маусымда Орал қаласында дүниеге келді. 2014 жылы "Адажио" би ансамблінің құрамында алғаш рет сахнаға шықты. 2015 жылы "Золотой Петушок" балабақшасына барып, алғаш рет "Менің сүйікті анам" қалалық жас мәнерлеп оқу байқауына қатысып, 2 орын алды. 2015 жылдан бастап мектептен тыс жұмыстар орталығында "Гүлдер" вокалды студиясында, "Қылқалам" сурет студиясында және "Жұлдыз" би студиясында тәлім алуда. 2017 жылы №1 Балалар музыка мектебіне домбыра сыныбы, халық әні бойынша оқуға түсті. Әлижан халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық шығармашылық конкурстардың жеңімпазы, сондай-ақ мектепішілік, қалалық, облыстық олимпиадалардың жүлдегері. Әлижанның таланты барлық жағынан көрінеді. Оқудан бос уақытында "Ақберен" жас ақындар мектебі поэзиямен, шахматпен, футболмен, жүзумен, ағылшын тілін үйренумен айналысады. Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында "Мезгілсіз келген махаббат" спектаклінде рөл сомдады. Әлижан өлеңдері республикалық "Балдырған" балалар журналында жарияланды.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»