ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

«Бала дауысы-2020» - Қимағанбет Айару Қуатқызы

Қимағанбет Айару Қуатқызы - 2009 жылы 24 ақпанда Ақтау қаласында дүниеге келді. 3 жасынан бастап Айару музыкаға, шығармашылыққа қызығушылық танытып, балабақша кезінен түрлі жарыстарға қатыса бастады. Қазіргі уақытта №13 қалалық гимназияда 6 сыныпта оқиды. Айару-оқу озаты, мектептің мақтанышы, мектеп үйірмелері мен пәндік олимпиадалардың белсенді қатысушысы, түрлі іс-шаралардың жүргізушісі. Абай атындағы Мәдениет сарайындағы "Радуга" үлгілі балалар ұжымының оқушысы, "Ертегілер"үлгілі тобының мүшесі. Айару "Зерде" республикалық ғылыми-инновациялық жобасының, "Музыкалық вояж-2019" байқауының, "Көркем жазу" қалалық байқауының 1-ші орын, "Ақмола" қалалық байқауының вокал номинациясы бойынша 2-ші орын иегері. Айару өзіне жоғары мақсаттар қойып, оларға жету үшін сенімді жұмыс істейді.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»