ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

«Бала дауысы-2020» - Нурмахан Жайна Болатқызы

Нурмахан Жайна Болатқызы - 2008 жылы 6 қыркүйекте, Оңтүстік Қазақстан облысы,Түлкібас ауданында дүниеге келді. Отбасында екіншісі. Кішкентай кезінен музыкаға деген құлшынысы болды. Ойыншық музыкалық аспаптарда кішкентай кезінен ойнағанды жақсы көретін. 2012 жылы 4 жасында алғаш рет Қарлығаш балабақшасына барды. 2014 жылы Түлкібас ауданындағы А.С.Макаренко мектебінің табалдырығын аттады. Мектеп табалдырығын аттаған бастап ән айта бастады. Мектеп іс-шараларында өнер көрсетіп, белсенді оқушы болды. 2016 жылы отбасымен Шымкент қаласына көшіп келді. Сол жылы Ы.Алтынсарин атындағы N65 гимназия мектеп-гимназияда. Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы Гулнара Қайырбекқызының жетекшілігімен «Жұлдыздар» вокалдық тобының мүшесі, көптеген қала, республика деңгейіндегі мерекелік іс-шараларда өнер көрсетеді. Жайна қазіргі таңда Ы.Алтыынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның 6 –сынып оқушысы. Ол өнермен қатар білім жағынан да озат, үздік оқушы. Сыныбының топ басшысы.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»