ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

«Бала дауысы-2021» - Тузелова Жасмина

Тузелова Жасмина 2013 жылы 19 қаңтарда Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында дүниеге келген. Жасминнің екі әпкесі және екі ағасы бар. Отбасы елорда Нұр-сұлтан қаласына қоныс аударған кезде оған небәрі үш ай болды. Бес жасында Жасмина алғашқы музыкалық даму үйірмесіне қатысып, вокал өнерін үйрене бастады. Жасмина №3 қалалық гимназияда оқиды, үшінші сыныпқа көшті. Ол сыныптастарымен өте тату және үлгілі оқущылардың бірі. Алты жасынан бастап вокал бойынша кәсіби сабақ ала бастады. Сонымен қатар, елордада өткен көптеген республикалық және халықаралық байқауларға белсене қатысып, бас жүлде мен жүлделі орындарға ие болды.

Жеті жасында "балалар жаңа толқыны" байқауының жартылай финалына өтті. Алматы қаласында өткен "Айгөлек-2020" телевизиялық жобасына қатысып, вокал бойынша кіші топ арасында Гран-при иегері атанды. Жоба барысында Жасмина көптеген танымал қазақстандық әншілермен танысып, үлкен тәжірибе жинады. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Карина Каренинаның вокалдық студиясына барады. Вокалдан басқа фортепиано, актерлік шеберлік және би сабақтарына қатысады. Жасмина Жанар Дугалова мен Ayree әндерін тыңдағанды ұнатады, скрипкада ойнауды үйренгісі келеді. Ол "Смешарики" мультфильмін, балмұздақты жақсы көреді.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»