ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

«Бала дауысы-2021» - Асғатова Амина

Асғатова Амина 2010 жылы 19 тамызда Ақтау қаласында дүниеге келген, оның екі ағасы бар, екеуі де домбырада ойнайды. № 11 мектеп-лицейде оқиды. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Абай атындағы мәдени–сауық кешеніне жататын "Радуга" балалар шығармашылығы студиясының үлгілі ұжымының эстрадалық ән айту мектебінде тәлім алуда. Оқыту аясында студияда келесі сабақтарға қатысады: жеке вокал (дауыс қою), топтық вокал, сахналық шеберлік, эстрадалық хореография. Сондай-ақ, Амина домбырада ойнаумен әуестенеді. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян тілдерінде ән орындай отырып, өзінің репертуарын кеңейтуде. Амина қалалық және облыстық концерттер мен мерекелік іс-шаралардың тұрақты қатысушысы, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдердің жеңімпазы. Жас вокалист жеке де, "Аяла" дуэтінің құрамында да, "Ертегілер" вокалдық тобының солисті ретінде де өнер көрсетеді.

Аминаның жасына қарамастан, жауапкершілігі мол. Шығармашылық тұлға ретінде ол бай қиялға, ерекше шығармашылық ойлауға және керемет музыкалық талғамға ие. Амина Айнұр Әбдиеваның "Ұқсамаймын басқаға"әнін орындағанды ұнатады. Барлық музыкалық аспаптардың ішінде оған домбыра мен жетігеннің дыбысы қатты ұнайды, сонымен қатар ол фортепианода ойнауды үйренгісі келеді. Сүйікті орындаушысы-итальяндық әнші Андреа Бочелли, сүйікті фильм - "Арыстан патшасы". Амина теңіз жағасында демалғанды, мафия ойнағанды және джаз тыңдағанды ұнатады.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»