ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

«Бала дауысы-2021» - Қуандық Аяжан

Қуандық Аяжан 2008 жылы 5 желтоқсанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта ол отбасымен Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында тұрады. Аяжанның інісі бар, ол 7 жаста. Аяжан № 5 қалалық орта мектептің 7 сыныбына ауысты. 2016 жылы Балалар өнер мектебіне вокал бөліміне оқуға түсті. Аяжан отбасында әкесі жағынан туыстары жақсы вокалдық қабілетке ие. Аяжан түрлі деңгейдегі конкурстарға белсенді қатысады және жоғары марапаттардың иегері болып табылады.

Позитивті және көңілді жас әнші 8 наурызды жақсы көреді, өйткені бұл барлық қыздар мен әйелдердің керемет мерекесі. Аяжан табиғат дыбыстарын жақсы көреді және болашақта музыкалық аспаптар дүкенін ашқысы келеді. Ол Димаш Құдайбергеновпен бірге гитарада ойнауды және дуэтте ән айтуды үйренгісі келеді. Аяжан отандық киноны, комедияны ұнатады, сонымен қатар волейбол ойнайды. Болашақта Аяжан атақты әнші болуды армандайды.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»