ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

«Бала дауысы»: Біздің тарихымыздың игі беттері

Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауы 4 жыл бойына Қазақстанның мәдени өміріндегі ең айтулы оқиғалардың бірі болып табылады.

Жобаға қатысқысы келетін балалар мен байқауға қатысушыларға «жанкүйер» болатын телекөрермендердің үлкен қызығушылығы, сонымен қатар кең ауқымды гала-концерттер «Бала дауысының» республикадағы көптен күткен жыл сайынғы музыкалық балалар форумына айналғанын дәлелдейді.


«БАЛА ДАУЫСЫ»


Қазақстанның аумағында бұрын соңды өткізілмеген жаңа байқауды ұйымдастыру идеясы 2016 жылдың басында туындады. Ұйымдастырушылардың жобаны жүзеге асыру барысында балалар үшін жаңа “Бала дауысы – арман канатында” ән жинағын шығаруы осы байқаудың басты ерекшелігі болды және осы ән жинақтары еліміздің барлық оқу орындарына тегін табысталады.


2016 ЖЫЛҒЫ 14 МАМЫРДА ӘЛИЯ НАЗАРБАЕВАНЫҢ «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» ҚОРЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КЕҢ АУҚЫМДЫ ЖОБАНЫҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ


Осы керемет балалар ән мерекесі міне 4-жыл қатарынан жас дарын иелерінің жаңа есімдерін ашуға мүмкіндік беріп отыр.

«Бала дауысы – 2016» алғашқы сәтті сынақ болды. Үш айдан артық уақыт бойына отандық сахна жұлдыздары 7 жас пен 13 жас аралығындағы ең талантты балаларды суырып алу үшін ел аралап, төрт мыңға жуық баланың даусын тыңдады. Айқын Төлепберген, Маржан Арапбаева, Медеу Арынбаев, Жанар Дұғалова, Толқын Забирова, Әли Оқапов, Диана Шарапова сияқты және тағы басқа кәсіби әртістер 23 финалға қатысушының тәлімгеріне айналды, бұл қатысушылар Алматы қаласына келіп, «Жұлдызды үйде» тұрып, шамамен үш аптаға жуық уақыт бойына вокалмен және хореографиямен шұғылданды. Қазақстандық авторлар кішкентай әртістер үшін хиттер жазып, бұл хиттер суперфиналда орындалды. Миллиондаған қазақстандықтар СМС-дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтап, қазақстандық сахнада жаңа жұлдыздардың тууына куәгер болды. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға Диснейлендке жолдама сыйлай отырып, әрбір баланың жүрегінің түбіне тұнған армандарының бірін орындады.


«БАЛА ДАУЫСЫ – 2016» ГРАН-ПРИ СЫЙЛЫҒЫН 13 ЖАСАР ПАВЛОДАРДЫҚ МЕРХАТ ЖЫЛКЫБАЕВ ПЕН 12 ЖАСАР МАРИЯ ЗАТВАРНИЦКАЯ ИЕЛЕНДІ


«Бала дауысы» байқауы екінші маусымының ашылу салтанаты алдыңғы маусым жеңімпаздарының отаны-Павлодар қаласында өтті

«БАЛА ДАУЫСЫ»

2017 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІНЕ ҚАТЫСУ ҮШІН БАЙҚАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ АТЫНА 5 347 ӨТІНІМ БЕРІЛДІ.


Еліміздің 16 өңірінен келген 18 финалға қатысушы дәстүр бойынша «Жұлдызды үйде» кездесті.

Жеті мыңға жуық көрерменді және миллионнан астам телекөрерменді жинаған байқаудың супер-финалы 3 ауқымды шоудан тұрды, онда финалға шыққан балалар қазақстандық эстрададағы танымал әндерді, заманауи өңдеуден өткен халық әндері мен әлемдік хиттерді өздерінің жұлдызды тәлімгерлерімен бірге орындады. Кәсіби қазылар алқасының мүшелері ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Майра Мухамедқызы, Жеңіс Сейдоллаұлы, композитор және әнші, Тұңғыш Президент қоры сыйлығының лауреаты Карина Абдуллина және танымал орындаушы -композитор Парвиз Назаров болды. Жобаның мыңдаған көрермені ду шапалақтарын аямай, Байқау сайтында өздерінің көңілі ауған жас орындаушыларға дауыс берді.


«БАЛА ДАУЫСЫ»

«БАЛА ДАУЫСЫ – 2017» БАЙҚАУЫНЫҢ ГРАН-ПРИ СЫЙЛЫҒЫ- ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚУ ГРАНТЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНАН КЕЛГЕН ЕҢ ТАЛАНТТЫ ӘРІ ҮЙІРІМПАЗ ҚАТЫСУШЫ ШАМБИЛОВА НАЗЕРКЕГЕ ТАБЫСТАЛДЫ.


«Бала дауысы – 2018» ұмытылмайтын жаңа кездесуге айналды. Қалыптасқан дәстүр бойынша кезекті маусымның ашылуында өткен маусымдардың қатысушылары мен тәлімгерлері кездесті. 2018 жылы төрт мыңға жуық өтінім онлайн режімінде жолданды. Үміткерлердің арасында жұлдызды қазылар алқасы екінші кезеңге өткен 80 қатысушыны таңдап, олар Алматы қаласына «жанды» тыңдауға шақырылды. Байқаудың финалына ең дарынды 19 бала жіберілді.


ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ҚОСТАНАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ВЛАДИМИРОВКА АУЫЛЫНАН КЕЛГЕН 10 ЖАСАР БОЛАТХАН ИСАТАЙ ҮШІНШІ МАУСЫМНЫҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ БОЛДЫ

Оған Қазақ Ұлттық өнер университеті жанындағы мамандандырылған мектепте оқуға грант және өзі көптен армандаған Париждегі Диснейлендке жолдама табыс етілді.


Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Тұңғыш Президенті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»