ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

Қазақстанның шығысында ең дарынды бүлдіршінді таңдады

Әлия Назарбаеваның авторлық жобасы «Бала дауысы -2019» ұлттық балалар ән байқауы жыл сайын Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы қоры мен Мәдениет және спорт министірлігінің қолдауымен өтеді. Биыл жобаның іріктеу кезеңі Қазақстанның 16 облысы мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында 8 бен 12 жас аралығындағы балалар үшін 29 наурыз бен 22 мамыр аралығында өтуде.

Жексенбі, 12 мамыр күні, байқаудың кезекті тыңдалымы өтті. Бұл жолы жобаның шығармашылық тобы Өскемен қаласында тоқтады. Бұл қалада жүзден астам қатысушы өз бақтарын сынады. Металлургтер мәдениет сарайына бүлдіршіндердің ата-аналары, музыкалық тәлімгерлері мен достары жиналды. Жас дарындарды қолдау үшін байқаудың 2017 жылғы финалисті Дарина Мағауина да келді. Ол көрермендерге өзінің орындауындағы әнді сыйлап, қатысушылармен өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Q-pop индустриясының жарық жұлдызы Ziruza және танымал музыкалық продюсер Фарида Ниязова Шығыс Қазақстан облысының дарынды баларының вокалды қабілеттерін бағалап, ең керемет дауыс иесін анықтай білді.

Байқаудың ақтық кезеңіне жолдама алған бүлдіршін – он жасар Өскемен тұрғыны Рамила Нұралдинова. Сыңғырлаған дауыс иесі 4 жасынан бастап ән салып, 6 жасынан бастап музыкалық мектептегі сольфеджио мен xореография сабақтарына қатысуда. Шетелдік және отандық әншілердің шығармашылықтарынан шабыт алатын қыз әр-түрлі байқауларға қатысып, бірнеше мәрте гран-при иегері атанды. 2018 жылы Рамила «Бала дауысында» күшін сынаған болатын. Бірақ ол кезде сәттілік оның вокалдан класстасы Маулен Аxметқалиевқа бұйырды. 2019 жыл Рамиланы бақытты ете білген сияқты – биыл Рамила байқаудың финалында Шығыс Қазақстан облысының атынан өнер көрсетеді.

Күзде Рамила Нұралдинова Қазақстанның басқа аймақтарының 16 финалисттерімен «Жұлдызды Арман үйінде» кездеседі. Байқаудың Суперфиналына дайындалу мақсатында балалар вокал, хореография және әртісттік қабілеттерін арттыратын сабақтарға қатысады.

25 мен 27 қазан күндері бүлдіршіндер жобаның ақтық бағдарламаларында өнер көрсетіп, байқауға арнайы жазылған әндерді орындайды.

«Бала дауысы – 2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен Диснейленд ертегілер әлеміне саяхат жолдамасын ұтып алады.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Тұңғыш Президенті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»