ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

"Бала дауысы-2019" облыстық іріктеу. Павлодар облысы

Бүгін сахна жұлдызы болуды армандайтын Павлодар облысының жас өрендері ерекше мүмкіндікті пайдаланды. М.Қатаев атындағы оқушылар сарайында «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының тыңдалымы өтті. Дарынды қазақстандық бүлдіршіндерге еліміздің ең ауқымды балалар жобасында өздерін таныту мүмкіндігін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің қолдауымен Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоғамдық қоры сыйлап отыр. Тыңдалымға қатысушылар ата-аналары, мұғалімдері және достарымен бірге келді. Биылғы іріктеу кезеңі қолдау топтарын ерекше қуантты. Олар байқаудың барысын көрермен ретінде тамашалау құқығына ие болды.

Сахна төріне шыққан әрбір бала өзінің вокалды қабілеттерімен таң қалдыра білді. Өнер көрсеткендердің репертуары алуан түрлі – қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдеріндегі халық, эстрадалық және академиялық композициялар орындалды.

Әділ қазылар алқасының құрамына кірген танымал отандық орындаушы Арман Қоңырбаев пен беделді музыкалық продюсер Фарида Ниязова 8 бен 12 жас аралығындағы жүзге жуық балалардың дауыстарын тыңдап, Ертіс бойының ең дарынды бүлдіршінін анықтады. Өзінің тамаша дауысымен жиналған қауымды 12 жасар Шыңғыс Асағатұлы тамсандырды. Балалық шағынан бастап әнге құмар ұл үш музыкалық аспаты меңгерсе де, қазақтың домбырасына ерекше жылулық танытады. Домбыра айтыстар мен түрлі дәстүрлік өнер байқауларында Шыңғыстың тұрақты серігі. Дарынды балаларға арналғаг Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушысы вокал сабақтарына және ақындар үйірмесіне қатысып, спортпен шұғылданады. Анасының айтуы бойынша ұлы байқауға 2018 жылы да қатысқан болатын. Былтырғы іріктеу кезеңінің нәтижелерін естіген кезде көз жасын тия алмаған еді. Бір жыл бойы дайындалып, бүгінде Шыңғыс «Бала дауысы – 2019» байқауының финалына жолдама алды.

Енді Шыңғыс күз мезгілін және басқа финалисттермен кездесуді асыға күтуде. Интернатта тұрып үйренген бала Алатау баурайындағы «Бөбек» ұлттық орталығына аттануға дайын. «Жұлдызды үйде» байқаудың Суперфиналына дайындалу мақсатында балалар вокал, хореография және әртісттік қабілеттерін арттыратын сабақтарға қатысады. 25 мен 27 қазан күндері бүлдіршіндер жобаның ақтық бағдарламаларында өнер көрсетіп, байқауға арнайы жазылған әндерді орындайды.

«Бала дауысы – 2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен Диснейленд ертегілер әлеміне саяхат жолдамасын ұтып алады.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Тұңғыш Президенті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»