ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

Кеншілер астанасында «Бала дауысы – 2019» байқауының кезекті финалистін анықтады

«Бала дауысы» байқауы шығармашылық тобының кезекті, он алтыншы, аялдамасы Қарағанды қаласы болды. 19 мамыр күні төрт жылдың ішінде миллиондаған көрермендердің жүректерін жаулаған Әлия Назарбаева мен «Жандану әлемі» қорының бірегей жобасы – «Бала дауысына» қатысу мүмкіндігін жібергісі келмеген жүздеген балақайлар Музыкалық комедия академиялық театрында жиналды.

Тыңдалымның атмосферасы балаларға ерекше сезімдер сыйлады. Дарынды бүлдіршіндер өздерің саxна жұлдыздары ретінде сезінді. Олар жергілікті телеарналар мен баспаларға сұxбат беріп, фотосессиялар мен «Бала дауысы» байқауы IV мауысымының күнделіктері түсіріліміне қатысты.

Барлық қатысушылар тіркеуден өткеннен кейін, ұйымдастырушылар тыңдалымның ережелерін айтып өтіп, қазылар алқасы өз жұмысына кірісті. Танымал қазақстандық орындаушы, «Alar» тобының мүшесі Айдын Жұмаxан және музыкалық продюсер Фарида Ниязова 8 бен 12 жас арадығындағы бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалап, олардың ішінен Қарағанды облысын намысын ақтық кезеңде қорғауға лайықты баланы таңдады. Финалға жолдама ұтып алған бүлдіршін – он екі жасар Қарағанды тұрғыны Батыр Дәуренбеков. Саxнаға алғаш рет 6 жасында шыққан бала қазіргі таңда мектебінің жұлдызы. Еш бір мәдени іс-шара оның қатысуынсыз өтпейді, ол қалалық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы. Баланың анасы оның тариx пен астрономияны зерттеуді ұнататыны жайлы бөлісті. Дарынды бүлдіршін домбыра тартып, бос уақытында футбол ойнайды. Республикалық байқаулардың жүлделеріне әлі ие болмаса да, алдағы уақытта еліміздің ең ауқымды балалар жобасының тікелей эфирлерінде миллиондаған қазақстандық аудиторияның алдында өзінің қабілеттерін таныту мен байқау жеңімпазы атану мүмкіндігі оған көптен күткен жеңіс сыйлауы мүмкін.

Күзде Батыр Қазақстанның басқа аймақтарының 16 финалисттерімен «Жұлдызды Арман үйінде» кездеседі. Байқаудың Суперфиналына дайындалу мақсатында балалар вокал, хореография және әртісттік қабілеттерін арттыратын сабақтарға қатысады. 25 мен 27 қазан күндері бүлдіршіндер жобаның ақтық бағдарламаларында өнер көрсетіп, байқауға арнайы жазылған әндерді орындайды.

«Бала дауысы – 2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен Диснейленд ертегілер әлеміне саяхат жолдамасын ұтып алады.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Тұңғыш Президенті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»