ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

Нұр-Сұлтан қаласының ең дарынды баласы анықталды

Төрт жылдың ішінде миллиондаған көрермендердің жүректерін жаулап алған Әлия Назарбаева мен «Жандану әлемі» қорының авторлық жобасы – «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының IV маусым іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

Биыл жобаның тыңдалымдары 17 қала мен облыс орталықтарында өтті. Соңғы кастинг Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында орын алды. Сәрсенбі, 22 мамыр күні, қатысушылар М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайында байқаудың шығармашылық тобымен кездесті. Ұмытылмас атмосфераға бөленген балақайлар өздерің үлкен сахна жұлдыздарындай сезінді. Күні бойы олар ұйымдастырушылар, жергілікті телеарналар мен баспа тілшілерінің назарында болды. Сонымен қатар балалар фотосессиялар мен IV мауысым күнделіктері түсіріліміне ат салысты.

Әділ қазылар алқасының құрамына кірген танымал қазақстандық әнші Маржан Арапбаева мен музыкалық продюсер Фарида Ниязова 8 бен 12 жас аралығындағы аймақтың жан-жағынан келген 300 ден астам қатысушыларды тыңдады.

Байқаудың ақтық кезеңіне 10 жасар Камилла Кузденбаева өтті. Ол қазылар алқасы мен көрермендерді өзінің ерекше дауысы мен ырғақты сезу қабілетімен таң қалдырды. Қыздың керемет табиғи вокалды қабілеттері ешкімді бейжай қалдырған жоқ. Анасының айтуы бойынша шығармашылық икемділіктерін Камилла балалық шағынан бастап танытып келеді. Қаржы қызметкерлерінің жанұясында дүниеге келген бүлдіршін бір жарым жасында-ақ айналадағыларды «Антошка» әнін орындаумен қуантты. Ал алғаш вокал сабақтарына Камилла үш жасқа толмай жазылды. Сол кезден бастап ол музыка мен әнсіз ешбір күнін өткізбейді. Сонымен қатар дарынды балдырған испан тілін үйренуде. Бұл тілдің оған ұнайтыны соншалықты, репертуарындағы әндердің көп бөлігі сол тілде орындалады. Астаналық финалист би және фортепианода ойнаумен шұғылданады. Болашақта Камилла Кузденбаева өзің әлем сахналарының жұлдызы ретінде көреді. Ол еліміздің ең ауқымды балалар жобасы «Бала дауысы» бұл арманға жету жолында өз септігін тигізетініне сенімді.

Күзде Камилла Қазақстанның басқа аймақтарының 16 финалисттерімен «Жұлдызды Арман үйінде» кездеседі. Байқаудың Суперфиналына дайындалу мақсатында балалар вокал, хореография және әртісттік қабілеттерін арттыратын сабақтарға қатысады.

25 мен 27 қазан күндері бүлдіршіндер жобаның ақтық бағдарламаларында өнер көрсетіп, байқауға арнайы жазылған әндерді орындайды.

«Бала дауысы – 2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен Диснейленд ертегілер әлеміне саяхат жолдамасын ұтып алады.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Тұңғыш Президенті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»