ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

«Бала дауысы»: 17 финалист Суперфиналға дайындалуда

2019 ж. 22 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті-Елбасы қорының қолдауымен өтетін Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоғамдық қорының авторлық жобасы - «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының төртінші мауысым кастингтері аяқталды.

Іріктеу кезеңдері еліміздің барлық аймақтарында 28 наурыздан бастап жүргізілген ең ауқымды және танымал балалар ән байқауының басты кейіпкерлері 8 бен 12 жас аралығындағы 6 268 бала болды. 2 айдың ішінде шығармашылық топ 12 450 км жолды бағындырып, бүлдіршіндерге, олардың ата-аналары мен музыкалық ұстаздарына шексіз қуаныш сыйлады. Барлық тыңдалымдарда қайталанбас мерекелік атмосфера орнады. Қатысушылар өздерің нағыз сахна жұлдыздары ретінде сезінуге мүмкіндік алды. Олар жергілікті телеарналарға және баспаларға сұхбат беріп, суретке түсіп, жобаның бейне-күнделіктерінің түсіріліміне қатысты. Әрбір кастинг танымал орындаушылар мен өткен мауысымдар финалистерінің қатысуымен өткен қайырымдылық концерттермен аяқталды.

Байқауға қатысушылардың барлығы дипломдар мен кішігірім сыйлықтармен марапатталды. Ең бастысы, балалар жаңа білім мен жағымды эмоциялардың күш-қуатына толы үлкен тәжірибеге ие болды. «Біз жылда «Бала дауысын» күтіп отырамыз, өйткені бұл еліміздің барлық аймақтарында өткізілетін жалғыз байқау. Балаларымыз әртістермен кездесіп, олардың кеңестері мен ұсыныстарын тыңдағандары қандай керемет! Ал біздер, яғни ата-аналар мен мұғалімдер үшін музыкалық продюсер Фарида Ниязова вокал негіздері бойынша мастер-класс өткізіп, баланы сахнаға дайындау және репертуар таңдау кезіндегі қателіктер жайлы айтып берді. Биыл менің ұлым Амир финалисттер қатарына кірмегені мүлдем ренішті емес, ең бастысы бұл жерде балалар жаңа достарын тапқандары маңызды!» - деп өз әсерімен Айгүл Орсариева бөлісті.

Биыл жас әртістерге баға беріп, оларды қолдағандардың қатарында Зарина Алтынбаева, Әли Окапов, Маржан Арапбаева, Данияр Өтеген, Марсель, Динара Сұлтан, Бейбіт Кушкалиев, Серік Ибрагимов және тағы да басқа отандық сахна жұлдыздары болды. Осы жылы кастингтер ашық форматта өткен болатын, яғни әрбір бала мен оның ата-анасы басқа қатысушыларды тыңдап, олардың шеберліктерінен тәлім алып, өздерінің музыкалық ой-өрістерін кеңейтуге мүмкіндік алды.

Қостанай облысының тәлімгері атану құрметіне ие болған Данияр Өтеген өз ойымен бөлісті: «Ең дарынды баланы таңдау өте қиын, өйткені әрбір бала өзінің табиғаты бойынша ерекше және бірегей: біреулер керемет вокалдық қабілеттерге ие, біреулер – әртісттік қабілетімен танылса, басқа біреулер тамаша билейді. Өз басым ерте балалық шағымнан бастап түрлі байқауларға қатысып жүрдім, айтпақшы, бір де бір рет ұтып көрген емеспін. Өкінішке орай, бір аймақтан бір баланы ғана таңдауға болады, ереже сондай... Барлық ата-аналарға балаларына деген сенімдері үшін алғысымды білдіргім келеді, өйткені кішкентай балапандар үшін ең маңыздысы – ата-ананың назары мен қолдауы!».

Іріктеу кезеңдерінің нәтижесі бойынша өз облысының намысын «Бала дауысы» байқауының ақтық сайысында қорғау құқығына Мирас Максимов, Дилнұр Атагелді, Даттатрея Айшани, Мейрамбек Шалxарбай, Анель Сүлейменова, Сезім Қаһарман, Әлімжан Түгелбай, Әлфия Тілекқабыл, Дильяра Қаржаубай, Дана Баскенова, Ерсұлтан Шаймұрат, Әбілмансұр Едрес, Аружан Раxманәлі, Рамила Нұралдинова, Шыңғыс Асағатұлы, Батыр Дәуренбеков және Камилла Кузденбаева ие болды. Дәл осы 17 жас дарындар Алматы қ. баруға дайындалуда. Балаларды Алатау баурайындағы «Жұлдызды үйде» өздерінің шығармашылық кештері мен мастер-класстарын өткізетін танымал продюсерлер, әртістер, хореографтар, стилисттер және фотографтармен қайталанбас кездесулер күтуде. Бұл жайлы үй өткен маусым финалистерінің ең сүйікті және есте қаларлық орындарына айналды. Дәл осы жерде балалар нағыз адал достарға айналады. Бұл достық байқаудың шекарасынан да кең. Әдетте олар қарым-қатынасты үзбей, бір-біріне қоңырау шалып, кездесіп тұрады. Финалисттердің айтуы бойынша, «Жұлдызды үйде» танысып, бірге уақыт өткізудің арқасында олардың әр-қайсысы ұлан-байтақ Отанымыздың әрбір аймағында кем дегенде бір досқа ие болды. Туған үйінен қашықтықтағы бір ай байқалмай өтіп кетеді, қоштасу сәті әр уақытта әсерлі және ауыр, өйткені балаларды қоршайтын адамдар, оларды батыл және өжет ететін тәжірибе жас өрендер үшін өте құнды.

Көрермендер мен телекөрермендерді финалисттер Республика сарайында 24 және 26 қазан күндері таң қалдырады. Бұл жерде 2 ақтық бағдарлама орын алады. Финалисттер орындайтын жаңа авторлық әндерді осы кезден бастап қазақстандық композиторлар мен жыршы-ақындар жазуда. Байқау аяқталғанда барлық композициялар қазақстандық мектептер мен бала-бақшаларына сыйға беріледі.

Ұлттық өнер интститутында білім алу Гранты мен Диснейлендке саяхатты ұтып алатын Гран-при иесін әділ қазылар алқасы мен телекөрермендер таңдайды. Байқауды «Мәңгі құндылықтар мен бала арманы жайлы» атты музыкалық спектакль тамамдайды. Ұйымдастырушылар бұл спектакльдің режиссерлік ойларын жасырғанымен, Қазақстанда балалардың қатысуымен өткен бұндай форматтағы шоу әлі болған емес деп сендіреді.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Тұңғыш Президенті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»