ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

«БАЛА ДАУЫСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЛАЛАР ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ IY МАУСЫМЫ ФИНАЛЫ

2019 жылғы 24 және 26 қазанда Алматы қаласындағы Республика сарайында Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының қолдауымен «Жандану әлемі» қоры өткізетін «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының IY маусымының финалдық концерттік бағдарламалары өтеді.

24 қазанда 19.00 – 21.00 сағатта– Концерттік бағдарлама - жаңа балалар әндерінің тұсаукесері өтеді, оларды еліміздің түпкір түпкірінен келген 8 жас пен 12 жас аралығындағы және 2019 жылғы 28 наурыз бен 28 мамыр аралығында өткен іріктеу турларының жеңімпаздары атанған 17 финалға қатысушы орындайды. Сондай-ақ, концерттік бағдарламада «Ты – супер!» телевизиялық жобасының жеңімпазы Диана Анкудинова (Ресей), қазақ эстрадасының танымал әртісі Қайрат Нұртас, жобаның өткен маусымдарының жеңімпаздары өнер көрсетеді. Балалардың өнерін жас әртістердің тәлімгерлері болған белгілі орындаушылар бағалайды, олардың арасында Маржан Арапбаева, Серік Ибрагимов, Динара Сұлтан, Әли Оқапов, Данияр Өтегенов және басқалары бар, ал еліміздің тұрғындары ең үздік орындаушыға www.notka.kz сайты арқылы дауыс бере алады.

26 қазанда 16.00 – 18.00 сағатта – балаларға арналған «Ұмай аққудың мейірімді ертегілері» музыкалық спектаклінің тұсаукесері болады. Алғаш рет финалдық концерттердің біреуі музыкалық спектакль түрінде өткізіліп, онда финалға қатысушы балалар өз тәлімгерлерімен дуэтпен туған жер, ана мен отбасы, тіршілік атаулыға күтіммен қарау- жалпы адами құндылықтар туралы танымал қазақстандық және әлемдік композицияларды орындайды.Спектакльге «Салтанат» халық би ансамблінің солисттері, «Инь-янь» тобы, «Тұран» этно-фолк-тобы мен Алматы циркінің әртістері қатысады.

Спектакль аяқталғаннан кейін жобаның авторы- «Жандану әлемі» қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаеваның, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раимқұлованың, Алматы қаласының әкімі Бакытжана Сағынтаевтың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевтың, белгілі продюсер мен композиторлардың қатысуымен салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. «Бала дауысы» байқауының Гран-при иегеріне «Шабыт» Ұлттық өнер университетінде оқу гранты және Токио Диснейлендіне жолдама беріледі. Байқау қорытындысына тәуелсіз әрбір финалға қатысушы атаулы мүсіншеге-таңғажайып нотаға, дипломға, ұйымдастырушылардың арнайы сыйлықтарына ие болады, сонымен қатар балалар жаңа авторлық әндерді сыйға алады.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Тұңғыш Президенті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»