ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

Әлия Назарбаева «Бала дауысының» IV маусымының жеңімпазын атады

26 қазанда Алматыдағы Республика сарайының сахнасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қолдауымен «Жандану әлемі» қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі өткізген «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының төртінші маусымының қорытындысы шығарылды.

Қазақстанның түпкір түпкірінен келген 5 458 сәби 3 ай бойы байқаудың іріктеу сатыларынан өтіп, 17 өңірден келген 8 жас пен 12 жас аралығындағы 17 бүлдіршін оның финалдық бөліміне қатысу құқығына ие болды.

24 қазанда «Әннің туған күні» байқау күні өтіп, онда балалар белгілі қазақстандық композиторлардың балаларға арнап жазған жаңа авторлық композицияларын орындады, аталмыш композиторлардың арасында Арман Дүйсен, Мархаба Саби, Ринат Заитов, Алексей Маклай, Бауыржан Бимахан, Ілияс Абдразақов және басқалары бар. «Бала дауысы» байқауының финалға қатысушыларына Серік Ибрагимов, Маржан Арапбаева, Дастан Оразбеков, Зарина Алтынбаева, Данияр Өтеген, Серік Гамза-заде, Динара Сұлтан, Салтанат Бақаева сынды біздің эстрадамыздың әртістерінен-17 тәлімгерден тұратын қазылар алқасы баға берді … Ұмытылмайтын жарқын шоуға Қайрат Нұртас пен «Ты - супер!» телевизиялық байқауының жеңімпазы ресейлік Диана Анкудинова қатысты.

26 қазанда финалға қатысушы балалардың және олардың тәлімгерлерінің қатысуымен «Ұмайдың мейірімді ертегілері» музыкалық балалар спектаклінің тұсаукесері болды. Спектакльде заманауи және халық әндері, әлемдік хиттер, хореографиялық қойылымдар, цирк нөмірлері, этно-ұжымдардың өнері сабақтаса өріле кетті. Спектакль музыкасының авторы- жас композитор Назым Мухадиева, сценарийін жазған – Мұрат Исаханов.

Спектакльден кейін салтанатты марапаттау рәсімі өтті, оны «Бала дауысы» жобасының авторы Әлия Назарбаева ашты: «Мен бүлдіршіндеріміздің ата-аналарын шын жүректен құттықтаймын! Адамға балалы-шағалы болып, оларды өсіріп-өндіріп, дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы жақсы адамдарды тәрбиелеп шығару – ешнәрсемен теңеуге келмейтін ұлы нәсіп пен бақыт. Сіздер, құрметті ата-аналар дұрыс жолдасыздар! Біз оны қазір барлығымыз көріп отырмыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, саулық тілейміз! Құрметті балалар! Сіздер іріктеу кезеңдерінен бастап финалға дейінгі ұзақ жолдан өтіп, өздеріңізге көптеген қызықты дүниелерді аштыңыздар, жаңа достарға ие болдыңыздар. Сіздерді ертең үйде туыстарыңыз бен достарыңыз, мұғалімдеріңіз бен сыныптастарыңыз күтеді. Ең жарқын сәттерді өздеріңізбен бірге ала кетіңіздер. Ең шадыман, мейірімге толы күлкілеріңіз бен көңіл күйлеріңізді есте сақтап қалыңыздар! Жылы да мейірімге толы сәттерді ұмытпаңыздар! Осының барлығынан жан дүниесі сүйікті Отанының игілігін аңсаған, ең жарқын да мөлдір пиғылға толы Адам өмірі қалыптасады!».

Дубай қаласындағы Леголенд ертегі әлеміне саяхат түріндегі телекөрермендердің арнайы сыйлығы Нұр-Сұлтан қаласынан келген Кузденбаева Камиллаға табысталды.

ІІІ премия бірден үш қатысушыға берілді. Олар Қызылорда облысынан келген Сезім Қаһарман, Алматы қаласынан Мирас Максимов және
Нұр-Сұлтан қаласынан Камилла Кузденбаева.

II премия Атырау облысынан келген Альфия Тлекқабылға және Алматы облысын таныстырған Аружан Рахманәліге берілді.
І премияны Батыс Қазақстаннан келген Әлімжан Түгелбай иеленді.

Төртінші маусымның Гран-при иегері болып Түркістан облысынан келген 12 жасар Мейрамбек Шалқарбай атанды. Мейрамбекке Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы мамандандырылған мектепте оқу Гранты мен армандағы Диснейлендке жолдама табыс етілді. Әрбір финалиске «Бала дауысының» символы – таңғажайып нота, авторлық портреттер мен бағалы сыйлықтар берілді.

«Бала дауысының» 4-маусымына арнайы жазылған 17 жаңа әннен тұратын жинақ Қазақстанның барлық мектептеріне тегін сыйға берілетінін атап өткен жөн.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Тұңғыш Президенті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»