ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

«Бала дауысының» бесінші маусымының финалға қатысушылары анықталды

26 наурыз бен 15 мамыр аралығында «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының бесінші маусымының қашықтан іріктеу кезеңі аяқталды. Байқауды ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы биыл өтінімдердің рекордтық көлемін қарастырды-еліміздің түпкір түпкірінен 8 жас пен 12 жас аралығындағы 4 135 бала өзінің әншілік өнерін көрсетті!

Әлемнің әр алуан тілінде орындалған әндерден, әжелердің, аталардың, аналар мен әкелердің, вокалдан педагогтардың, бауырлар мен әпкелердің қатысуымен жасалған қойылымдардан, арнайы тігілген костюмдер мен үй жағдайында жасалған мейкаптан тұратын биылғы бейне өтінімдер ұйымдастырушыларды қуанышқа бөлеп, таңғалдырды, бірақ кәсіби қазылар алқасының мүшелері өз жұмысын атқарып, ең мықты орындаушыларды іріктеді. «Егер қатаң межелер белгіленбеген болса, біз балаларды түгел қуана финалға шақыратын едік. Біз әрбір бейне түсірілімді өте мұқият тыңдап, балалардың дауыс екпініне, ырғақты сезіну қабілетіне, әдемі әуезіне, музыкалық бейімінің тұрақтылығы мен тереңдігіне, әртістік қабілетіне барынша көңіл бөліп, белгілеп отырдық, өйткені оларға жақында авторлық әндерді және әлемдік хиттерді тікелей телевизиялық эфир арқылы жанды дауыспен орындау қажет болады ғой, ал бұл оңай міндет емес», - деп бөлісті байқаудың музыкалық продюсері Фарида Ниязова.

Шындығында, ең кішкентай әртістерімізге «Бала дауысы» байқауының финалдық бөліміне өту – ұмытылмайтын оқиға, бұл жаңа дос табудың, өз шығармашылық қабілетін тексеріп, дамытудың, ата-аналарын, педагогтарын қуантудың және миллиондаған телекөрерменнің алдында өз өңірін беделді танытудың керемет мүмкіндігі. Осыншама баланың арасынан ең дарындыларын таңдау оңай болған жоқ, бірақ қазылар алқасының мүшелері бесінші маусымның 20 финалға қатысушысының есімін атады! Аты-жөндері www.baladauysy.kz сайтына орналастырылған жас орындаушыларды 5 айлық күрделі дайындық күтеді: режиссерлермен, композиторлармен, стилисттермен, хореографтармен жұмыс, фото-сессияларға қатысу, көптеген сұхбаттар беру. 29 және 31 қазанда Республика сарайының сахнасында біздің бүлдіршіндеріміз өз шеберліктерін көрсетеді, ал біз байқаудың бесінші, мерейтойлық маусымының жеңімпаздары мен лауреаттарының есімдерін білетін боламыз! Тағы да айта кетерлік жәйт, іріктеу кезеңінің қатысушысы болған әрбір бала «Бала дауысы» байқауының ұйымдастырушылары - Мәдениет және спорт министрлігі, Тұңғыш Президент-Елбасы қоры және Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры дайындаған сыйлықтарды, атап айтқанда, атаулы дипломдарды, сәнді бейсболкалар мен фирмалық эко-сөмкелерді сыйға алады.

«Бала дауысының» бесінші маусымының финалға қатысушылары анықталды

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Тұңғыш Президенті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»