ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

"Жұлдызды үйде" финалға дайындықтың екінші кезеңі "Бала дауысы"балалар ән байқауы

2021 жылдың 10 тамызында Алматыда Ұлттық "Бала дауысы" балалар ән байқауының VI маусымының 17 финалисті "Жұлдызды үйде" финалға дайындықты жалғастырды.

Еліміздегі ең ауқымды Конкурс Әлия Назарбаеваның "Жандану әлемі" Қоры, Мәдениет және спорт министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен өткізіледі. Еліміздің барлық өңірлерінен келген ең дарынды 17 бала "Жұлдызды үйде" өз шеберліктерін шыңдауда. Финалдық өнер көрсетуге дайындық барысында іріктеу кезеңінің жеңімпаздары тәлімгерлермен және финалдық концерттік бағдарламаларды ұйымдастыруға қатысатын барлық кәсіби мамандармен жұмысты қайта бастады.

"Жұлдызды үйде" финалға дайындықтың екінші кезеңі "Бала дауысы"балалар ән байқауы


Жас әншілер өз шеберліктерін дамытып, жаңа білім алуда. Музыкалық бэндпен толыққанды дайындықтар өтеді. Хореография сабақтары толық қайтарымды және көп күш - жігерді талап етеді. Сонымен қатар, концерттік әндердің студиялық жазбаларын жүргізу кезінде балаларға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Осындай көп еңбекті қажет ететін жұмыс барысында финалистерді олардың тәлімгерлері: Ерден Жақсыбаев, Әйгерім Рақышева (Ayree), Данияр Өтеген қолдайды.



"Жұлдызды үйдің" басты мақсаты - 7 және 9 қазан күндері Нұр-сұлтан қаласының "Қазақстан" концерт залының сахнасында өтетін финалдық концерттік бағдарламаларға дайындық. Екі байқау күні ішінде балалар танымал қазақстандық және әлемдік хиттерді орындайды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жобаның бес жылдық мерейтойын мерекелеу аясында биыл 5-ші қазанға жоспарланған "Бала дауысы - ән бұлағы" атты жаңа балалар әндерінің жинағы шығарылады. Жинаққа еліміздің барлық аймақтарынан келген 17 композитор мен 4 ақынның авторлық әндері кіреді.

"Бала дауысы" VI маусымының жеңімпазы кәсіби қазылар алқасының мүшелерінің анықтауымен, Қазақ Өнер университетінде оқу грантының иегері атанады.


Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»