ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

"Бала дауысы-əн бұлағы" жаңа балалар əндері жинағының тұсауы кесілді

Ұлттық "Бала дауысы" балалар ән конкурсының YI маусымы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында, 2021 жылғы 5 қазанда "Жас Отан" жастар қанатының конференц-залында "Бала дауысы-ән бұлағы" жаңа балалар әндерінің жинағының тұсаукесері өтті.

2016 жылдан бастап "Бала дауысы" конкурсы Қазақстанның мәдени өміріндегі ең ірі оқиғалардың бірі болып табылады. Ұйымдастырушылары Әлия Назарбаеваның "Жандану әлемі" қоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры болып табылатын жобаның негізгі мақсаттары музыкалық дарынды балаларды анықтау және қолдау, жаңа балалар әндерін жасау арқылы балалар музыкалық шығармашылығын жан-жақты насихаттау және дамыту. Сондықтан жинақ балалар репертуарын кеңейтуге, байытуға өз үлесін қосады.

"Бала дауысы-əн бұлағы" жаңа балалар əндері жинағының тұсауы кесілді


Биылғы жылы жаңа әндер жинағын жасау үшін еліміздің 17 өңірінен танымал және жас композиторлар, ән жазушылар шақырылды. Жинақта мәтіндер мен музыкалық материалдар бар, оған қоса берілген дискіде әндердің нұсқалары: дауысы бар және дауысы жоқ фонограмма.

Айта кету керек, 2016 жылдан бастап Әлия Назарбаева авторы болып табылатын Ұлттық "Бала дауысы" жобасы аясында 98 жаңа балалар әні жазылды, олар байқау сайтында еркін қол жетімді.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»