ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

Каспий жағалауының кіршіксіз дауысы

Сәрсенбі, 17 сәуір күні Ақтау қаласында «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының төртінші мауысымының іріктеу кезеңі өтті. Кастингте 132 бала өнер көрсетті.

8 бен 12 жас аралығындағы балалар үшін байқаудың іріктеу кезеңдері елімізде 29 наурыздан бастап өтуде. Маңғыстау облысына дейін шығармашылық топ Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына барып қайтты. Бұл аймақтарда 1502 ден астам бала өз күштерін сынады.

Әділ қазылар алқасын бастап келген Маңғыстау облысы финалистінің жұлдызды тәлімгері Бейбіт Кушкалиев балаларға арналған ауқымды жобаға бірнеше мәрте қатысқан болатын, сондықтан қатысушылардың арасынан ең дарынды баланы анықтау ісі танымал әншіге қиындыққа соққан жоқ.

Финалға жолдама алу сәті Ақтау қаласы № 13 мектебінің оқушысы 11 жасар Қаржаубаева Дильяраға бұйырды. Бүлдіршін қазылар алқасы мен көрермендердің алдында өзің көрсете білді. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде үш әнді керемет орындап шыққты. Дарынды баланың жетістігіне оны қолдап келген анасы қатты қуанды. Ол «Жандану әлемі» қоғамдық қоры, қазылар алқасы мен жобаның шығармашылық тобына кішкентай қазақстандықтарға ашатын үлкен мүмкіндіктер үшін алғыс білдірді.

Күзде Дильяра Қазақстанның басқа аймақтарының 16 финалисттерімен «Жұлдызды Арман үйінде» кездеседі. Байқаудың Суперфиналына дайындалу мақсатында балалар вокал, хореография және әртісттік қабілеттерін арттыратын сабақтарға қатысады. 25 мен 27 қазан күндері бүлдіршіндер жобаның ақтық бағдарламаларында өнер көрсетіп, байқауға арнайы жазылған әндерді орындайды.

«Бала дауысы – 2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен Диснейленд ертегілер әлеміне саяхат жолдамасын ұтып алады.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»