ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

Солтүстік Қазақстан облысындағы жылы кездесу

Сейсенбі, яғни 23 сәуір күні, Петропавл қаласында «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының төртінші мауысымының іріктеу кезеңі өтті.

8 бен 12 жас аралығындағы балалар үшін байқаудың іріктеу кезеңдері елімізде 29 наурыздан бастап өтуде. Қазіргі таңда байқаудың шығармашылық тобы жоспарлаған бағдардың жартысын бағындырып, 10 финалистті таңдап алды.

Солтүстік Қазақстан облысында әділ қазылар алқасын танымал орындаушы Адылжан Умаров бастап келді. Әншінің шығармашылық өмірбаяны 2007 жылы атышулы «SuperStar KZ» телебайқауынан бастау алды. Жергілікті телеарнаға берген сұхбатында ол музыкалық жобалардың маңыздылығын атап өтті. Кезінде жас Адылжанның күшін сынап, оны отандық сахнаның жұлдызына айналдырған телевизиялық байқау болғанын еске салды. «SuperStar KZ» Адылжан Умаровтың шығармашылық өміріндегі соңғы байқау емес, сондақтан ол қазылар алқасының алдында өнер көрсетпекші қатысушылардың толқыныстарын ұғып, оларға қолдау көрсетіп отырды. Қалалық оқушылар сарайына жиналған жерлестеріне байқаудың былтырғы мауысымының 1-ші орын иегері Амина Жапар мен «Бала дауысы – 2016» байқауының финалисті Есения Епифанцева қолдау білдіріп, кеңестермен бөлісті.

Финалға жолдама Петропавл қаласының тұрғыны 9 жасар Дана Баскеноваға бұйырды. Бүлдіршін қазылар алқасы мен көрермендердің алдында таңдаған әндерін керемет орындап, жасына қарамастан, өте әсерлі дауыстың иесі екенің дәлелдеп берді. Күзде Дана Қазақстанның басқа аймақтарының 16 финалисттерімен «Жұлдызды Арман үйінде» кездеседі. Байқаудың Суперфиналына дайындалу мақсатында балалар вокал, хореография және әртісттік қабілеттерін арттыратын сабақтарға қатысады.

25 мен 27 қазан күндері бүлдіршіндер жобаның ақтық бағдарламаларында өнер көрсетіп, байқауға арнайы жазылған әндерді орындайды.

«Бала дауысы – 2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен Диснейленд ертегілер әлеміне саяхат жолдамасын ұтып алады.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»