ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

Көкшетауда жаңа жарық жұлдыз жанды

26 сәуір күні Көкшетау қаласында «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының төртінші мауысымының іріктеу кезеңі өтті.

8 бен 12 жас аралығындағы балалар үшін байқаудың іріктеу кезеңдері елімізде 29 наурыздан бастап өтуде. Қазіргі таңда байқаудың шығармашылық тобы жоспарлаған бағдардың жартысын бағындырып, 11 финалистті таңдап алды.

Ақмола облысында әділ қазылар алқасын отандық сахнаның жарық жұлдызы, көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Eurasian Music Awards – 2017 бойынша «Прорыв года» атанған Ayree (Айри) бастап келді. Танымал әнші өзінің алдына қойылған міндетін орындап шықты. Ақмола облысының атынан өнер көрсететін бала анықталды.

Финалға жолдама 10 жасар Шаймұрат Ерсұлтанға бұйырды. Бүлдіршін керемет дауысымен ғана емес, сонымен қатар сахнада өзің ұстау өнерімен көзге түсті. Сахнада қобалжымаса да, жұлдызды тәлімгері Ayree табыстаған жүлдені алар сәтте толқып тұрған ұл айтарға сөз таппай қалды. Оның анасы ұйымдастырушыларға баланың өзінің жеңісіне деген сенімділігі жайлы айтып берді. Ұлы байқауға барардың алдында жеңетінің сезіп, Алматыға баратынын жоспарлап жүрген екен. «Бала дауысының» «Армандар орындалады» деген ұраның еске алған ана барлық қатысушыларды армандауға, өзінің алдына биік мақсаттарды қоюға шақырды.

Күзде Ерсұлтан Қазақстанның басқа аймақтарының 16 финалисттерімен «Жұлдызды Арман үйінде» кездеседі. Байқаудың Суперфиналына дайындалу мақсатында балалар вокал, хореография және әртісттік қабілеттерін арттыратын сабақтарға қатысады.

25 мен 27 қазан күндері бүлдіршіндер жобаның ақтық бағдарламаларында өнер көрсетіп, байқауға арнайы жазылған әндерді орындайды.

«Бала дауысы – 2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен Диснейленд ертегілер әлеміне саяхат жолдамасын ұтып алады.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»