ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

Тобыл жағалауының дарындылары сынға түсті

«Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының төртінші мауысымының кезекті іріктеу кезеңі 28 сәуір күні Қостанай қаласында өтті. Кастингте аймақтын жан-жағынан жиналды.

Байқауды ұйымдастырушылар тобы Қостанай облысына танымал әнші Данияр Өтегенмен бірге келді. Әйгілі отандық «Ringo» тобы мүшесісінің музыкаға деген құштарлығы оқушы кезінен туған, сондықтан ол қазылар алқасының алдында өнер көрсетпекші қатысушылардың толқыныстарын ұғып, оларға қолдау көрсетіп отырды. «Мирас» мәдениет сарайына жиналған жерлестеріне байқаудың былтырғы мауысымының финалистері Дана және Дина Белисаровалар, «Бала дауысы – 2017» байқауының финалисті Ясмин Аюпова мен «Bala Türkvizyon» финалистері Мария Кунщикова және Мәулен Қадыров қолдау білдіріп, кеңестермен бөлісті.

Ең үздік дауыс иесі болып Қостанай ауданы, Затобол кентінің тұрғыны 10 жасар Едрес Әбілмансұр танылды. Дарынды балдырған 5 жасынан бастап әнге құштар. Ол музыкалық мектеп пен студияға қатысып, домбыра тартады.Биылғы «Бала дауысы» іріктеу кезеңі Әбілмансұрдың өміріндегі екінші тәжірибе. Сондықтан «Бала дауысы» байқауында да тағы бір рет күш сынауға бел буды. Бұл жолы бүлдіршіннің өзі де, оның жанұясы да жеңіске дайын болды. Жобаға қатысу үшін Әбілмансұр Италияда болатын музыкалық фестивальдан да бас тартқаны жайлы ұйымдастырушылармен баланың әкесі бөлісті.

Күзде ол Қазақстанның басқа аймақтарының 16 финалисттерімен «Жұлдызды Арман үйінде» кездеседі. Байқаудың Суперфиналына дайындалу мақсатында балалар вокал, хореография және әртісттік қабілеттерін арттыратын сабақтарға қатысады.

25 мен 27 қазан күндері бүлдіршіндер жобаның ақтық бағдарламаларында өнер көрсетіп, байқауға арнайы жазылған әндерді орындайды.

«Бала дауысы – 2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен Диснейленд ертегілер әлеміне саяхат жолдамасын ұтып алады.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Тұңғыш Президенті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»