ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

Алматы облысында жаңа жұлдыз жарық көрді

Жексенбі, 4 мамыр күні, Талдықорған қаласының Оқушылар сарайында «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының төртінші мауысымының кезекті іріктеу кезеңі өтті кастингте.

Әділ қазылар алқасының құрамына кірген танымал қазақстандық орындаушы Марсель мен музыкалық продюсер Фарида Ниязова балалардың вокалдық қабілеттерін, сахналық шеберліктері мен репертуарлық таңдауларын бағалады.

Ең сыңғырлаған дауыс иесі деп Қарасай ауданы, Жалпақсай ауылының он екі жасар тұрғыны Аружан Рахманәлі таңылды. Дарынды қыз 8 жастан бастап вокал үйірмесіне қатысады. Ол түрлі қалалық, облыстық және республикалық көлеміндегі вокалдық байқаулардың жеңімпазы. «Бала дауысы жайлы Ғаламтор желісінен оқып, байқауға тек 8 бен 12 жас аралығындағы балалар қатыса алатынын білген қыз өзінің соңғы мүмкіндігін жібергісі келген жоқ. Анасының айтуы бойынша, қызы Алматы ооблысының үздіктер үштігіне кіретініне сенімді болғандығына жанұясы алғашында таң қалды. Бұл сенімділікті жақсылыққа жорып, әке-шешесі байқауға қаысуға рұқсаттарын берді. Аружан қазылар алқасын ғана емес, сонымен қатар көрермендерді ерекше дауыс ырғағы мен табиғи әсерлілігімен баурады.

Күзде Аружан Қазақстанның басқа аймақтарының 16 финалисттерімен «Жұлдызды Арман үйінде» кездеседі. Байқаудың Супер финалына дайындалу мақсатында балалар вокал, хореография және әртісттік қабілеттерін арттыратын сабақтарға қатысады. 25 мен 27 қазан күндері бүлдіршіндер жобаның ақтық бағдарламаларында өнер көрсетіп, байқауға арнайы жазылған әндерді орындайды.

«Бала дауысы – 2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен Диснейленд ертегілер әлеміне саяхат жолдамасын ұтып алады.

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Тұңғыш Президенті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»