ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ" ҚОРЫ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
kz ru en

 

Ұлттық "Бала дауысы-2019" балалар ән байқауының 
4-маусымын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Байқауды ұйымдастырушылар: "Жандану әлемі" жеке меншік қоры,Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры.
  2. Байқаудың мақсаты: 8 жас пен 12 жас аралығындағы музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, қабілеттерін одан әрі дамытуға көмек көрсету.

I. ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ

  1. 29 наурыздан бастап 21 мамырға дейін іріктеу кезеңдері барлық облыс орталықтарында, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында өтеді.
  2. Іріктеу кезеңін өткізу орны, күні мен уақыты туралы ақпарат 2019 жылғы 15 наурыздан бастап байқаудың ресми www.baladauysy.kz сайтында, @baladauysy инстаграм парақшасында, сондай-ақ облыстық телеарналардың эфирінде жарияланады.
Іріктеу кезеңіне қалай қатысуға болады?
  1. Іріктеу кезеңін өткізу орнына келу керек. Тіркеудің басталу уақыты – сағат 09.00-де, тіркеудің жабылу уақыты-сағат 11.00-де.
  2. Тіркелу үстеліне келу керек.
  3. Ұйымдастырушыға баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасын ұсыну керек, содан соң Ата-анаға өзінің деректері мен баланың деректері көрсетілген сауалнаманы толтыру қажет.
  4. Әрбір бала өзінің реттік нөмірін алып, күту залына өтеді, онда телевизиялық түсірілімдер қатар жүргізіледі.
  5. Ұйымдастырушылар балаларды және ата-аналарының біреуін 1-тыңдау кезеңіне кезекпен шақырады.
  6. Тыңдау кезінде бала 3 әннің үзіндісін ешбір сүйемелдеусіз («минусовкасыз») орындауы қажет: 1) қазақ тілінде; 2) ағылшын тілінде; 3) қатысушының таңдауы бойынша кез келген тілде.
    Назар аударыңыз!!! Қатысушы әндердің бірін ата-анасымен дуэтте орындай алады!
  7. Қатысушының үзінділерді орындау кезінде өз актерлік және хореографиялық қабілеттерін көрсете білуі өте жақсы.
  8. Тыңдау кезінде қатысушының ырғақты сезе білуін анықтауға арналған тапсырма ұсынылады.
  9. Барлық қатысушылар тыңдаудан өткеннен кейін, музыкалық продюсер және танымал эстрада әртісі іріктеу кезеңінің жеңімпазының есімін атап, Алматы қаласында орналасқан "Бала дауысы" Жұлдызды үйіне жолдама береді.

II. Алматы. «ЖҰЛДЫЗДЫ ҮЙ»

  1. Іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары Алматы қаласындағы "Жұлдызды үйге" ата-анасымен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірге келеді.
  2. "Жұлдызды үй"- 1 маусым мен 15 маусым аралығында ("Жұлдызды үй -1") және 1 қазан мен 25 қазан аралығында ("Жұлдызды үй -2") жұмыс істейді. Іріктеу кезеңдерінің барлық жеңімпаздары екі кезеңге де қатысуға міндетті.
  3. "Жұлдызды үй" аясында Супер-финалға және Гала-концертке қатысу мақсатында балаларды вокал, хореография, актерлік шеберлік сабақтары күтеді.

III. Алматы. СУПЕР-ФИНАЛ, ГАЛА-КОНЦЕРТ.

  1. Финалдық бөлімде балалар Супер-финалға қатысады және өздеріне арнап жазылған жаңа балалар әндерін сольдік түрде орындайды.
  2. Гала-концертте балалар танымал композицияларды тәлімгермен дуэтпен орындайды.
  3. Байқаудың жеңімпазы мен лауреаттарын кәсіби қазылар алқасының мүшелері мен телекөрермендер Байқаудың ресми сайтында дауыс беру жолымен немесе смс арқылы анықтайды.
  4. Супер-финалдың барлық қатысушыларына атаулы мүсіншелер, жәдігерлік сыйлықтар беріледі. Гран-при иегеріне білім Гранты және Диснейлендке жолдама табысталады.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

  1. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті Қатысушыға және онымен еріп жүретін бір адамға:
    • "Жұлдызды үйге-2" дейінгі жол шығынын (бару және қайту);
    • ішкі көлік;
    • тұру;
    • бес мезгіл тамақтану;
    • сахналық костюмдер тігу;
    • вокал,актерлік шеберлік, хореография бойынша жеке және топтық сабақтар;
    • кәсіби студияда ән жазу;
    • экскурсиялық бағдарламалар шығынын төлейді және оларды ұсынады.
  2. Қажет болған жағдайда Ұйымдастырушы хаттарды, шақыруларды және т. б. ұсынуға жәрдемдеседі.
  3. Байқау шеңберіндегі барлық іс-шаралар, барлық байқаудан тыс іс-шаралар Ұйымдастыру комитеті бекіткен Ережелерге қатаң сәйкес түрде өтеді.
Сәттілік тілейміз!

«БАЛА ДАУЫСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЛАЛАР ӘН БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(ЖАРИЯ ОФЕРТА) - 2019

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

ҚР Тұңғыш Президенті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»