мәзірі

Ұлттық
балалар ән
байқауы


«Бала Дауысы» байқауының қатысушысы қалай бола аламын?

БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

     Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен Ә. Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қоры байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

І кезең

ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ

13 МАМЫР – 22 МАУСЫМ 2017 жыл

         1. Облыстық іріктеу 13 мамыр мен 22 маусым аралығында барлық облыс орталықтарында өтеді.

  • 13.05.2017 – Павлодар облысы, Павлодар қ. М.М. Қатаев атындағы Оқушылар сарайы, Мамыр 1 көшесі, 27
  • 15.05.2017 – Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ. Кеншілер сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 68
  • 18.05.2017 – Алматы қ. Оқушылар сарайы, Достық даңғылы, 124
  • 20.05.2017 – Жамбыл облысы, Тараз қ. Қалалық мәдениет үйі, Рахимов көшесі, 55
  • 22.05.2017 – Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ. Облыстық оқушылар сарайы, Қонаев көшесі, 2
  • 25.05.2017 – Қызылорда облысы, Қызылорда қ. А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі, Қазыбек би көшесі, 21
  • 28.05.2017 – Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ. Қоғамдық келісім сарайы, Сәнкібай батыр даңғылы, 20 «A»
  • 31.05.2017 – Батыс Қазақстан облысы, Орал қ. Оқушылар сарайы, Мәскеу көшесі, 18
  • 02.06.2017 – Атырау облысы, Атырау қ. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы, Заполярная көшесі,1
  • 05.06.2017 – Маңғыстау облысы, Ақтау қ. Н. Жантөрин атындағы облысытқ музыкалы-драма театры, 8 мөлтек ауданы
  • 10.06.2017 – Қарағанды облысы, Қарағанды қ. К.С. Станиславский атындағы Қарағанды театры, Бульвар Мир көшесі, 19
  • 12.06.2017 – Астана қ. М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайы, Бөкейхан көшесі, 1
  • 14.06.2017 – Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ. "Қоғамдық келісім сарайы", Конституция көшесі, 27
  • 16.06.2017 – Ақмола облысы, Көкшетау қ. «Көкшетау» мәдениет үйі, Ақан Сері көшесі, 90
  • 19.06.2017 – Қостанай облысы, Қостанай қ. «Мирас» мәдениет үйі, Маяковский көшесі, 119
  • 22.06.2017 – Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Оқушылар сарайы, Д. Қонаев көшесі, 51
         2. Байқауға дайындық деңгейіне қарамастан 7-13 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУДЫҢ АЛГОРИТМІ

 1- қадам.

а) Облыстық іріктеуге қатысу үшін іріктеу өтетін жерде сауланаманы, қатысу туралы келісімді толытырып тіркелу қажет.

б) Іріктеудің сабақ уақытында болатынын түсініп, осы жылы іріктеу уақытын таңғы сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін создық.

 2- қадам.

Сауалнаманы, қатысу туралы келісімді толытырып болғаннан кейін Сіз өзіңізге тиесілі реттік нөмірді аласыз.

 3- қадам.

Қордың өкілі, жобаның музыкалық продюсері және жұлдызды тәлімгер әр баланы мұқият тыңдап, өздерінің ақыл-кеңестерін береді. Барлық балақайлар Ұлттық «Бала Дауысы - 2017» балалар ән байқауының қатысушысы  Сертификатын иеленеді.

 4- қадам.

I тур сағат 10:00 ден 16:00- ге дейін өтеді. Сіз қазылар алқасына қалаған тілдегі әніңіздің үзінділерін a capella түрінде (фонограммасыз) орындап бере аласыз. Ұмытпаңыз! Таңдаған әніңіз барлық вокалдық, әртістік қабілетіңізді көрсету қажет.

 5- қадам.

Егер, қазылар алқасы Сізге II кезеңге өтетін жолдама табыстаса, сол күні сағат 17:00 де іріктеу өткен жерге қайта келуіңіз керек. II-ші кезеңде I кезеңде орындаған немесе басқа әндерді айтуыңызға болады.

 6- қадам.

II- ші кезеңнен кейін қазылар алқасы «Бала Дауысы» ән мектебіне жолдама алып, ақтық мәреде облыс намысын қорғайтын жеңімпаз есімін анықтайды.

II-кезең

«БАЛА ДАУЫСЫ» МУЗЫКА МЕКТЕБІ

25 МАУСЫМ – 15 ШІЛДЕ 2017 ЖЫЛ

1. 14 облыстан және Алматы мен Астана қалаларынан келген іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары ата-аналарының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың еруімен Алматы қаласындағы Музыка мектебіне (бұдан әрі-ММ) шақырылады.

2.  Ән мектебі өзінің есігін маусым – шілде  айында ашады.

3. ММ шеңберінде балаларға 3 концерттік ән таңдалады ( 1-әлемдік хит, 1- халық әні, 1- тәлімгердің репертуарындағы хит ән). Таңдалған әндерді қатысушылар дыбыс жазу студиясында жазып, қазан айында тікелей эфирде орындайды.

III-кезең

БАЙҚАУДЫҢ ФИНАЛДЫҚ САТЫСЫ

1 қазан – 31 қазан 2017 жыл

1. Байқаудың финалы (телевизиялық шоу) Алматы қаласында 27, 28, 29 қазанда КТК каналында тікелей эфирде көрсетіледі. 1 қазаннан бастап барлық финалисттерге «Бөбек» Ұлттық орталығында орналасқан «Жұлдызды үй» өз есігін айқара ашады. Балалармен хореографтар, стилисттер және музыкалық продюсерлер жұмыс жасайды.

2. Байқаудың финалы 16 финалист қатысатын 3 бөлімнен тұрады:

  • 27 қазанБайқаудың концерттік бағдарламасы: «Әлемдік хит»; Қатысушы әлемдік хитке айналған 1 ән орындайды.
  • 28 қазан -  Байқаудың концерттік бағдарламасы: «Ұлы Даланың аңыз әндері»; Қатысушы заманауи өңдеуден өткен қазақтың белгілі халық әнін орындайды.
  • 29 қазан - Байқаудың концерттік бағдарламасы: Қатысушы тәлімгермен дуэтте тәлімгердің авторлық әнін орындайды. 

Барлық байқау кезеңдері кәсіби мамандардан құралған қазылар – алқасынан және смс арқылы дауыс бере алатын телекөрермендерден тұрады.

IV-кезең

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Байқау әлеуметтік болып табылады және коммерциялық мақсат ұстанбайды.

2. Финалда Байқаудың ұйымдастыру комитеті Қатысушыға және оған ілесіп жүретін бір адамға:

  • жол ақысын (баратын және қайтатын);
  • ішкі көлікті;
  • тұруын;
  • үш мезгіл тамақты төлейді және ұсынады.

3. Қажет болған жағдайда Ұйымдастырушы хаттарды, шақыртуларды және т.б. ұсынуға көмек көрсетеді.

4. Байқаудың шеңберіндегі барлық шаралар, барлық байқаудан тыс шаралар Ұйымдастырушы белгілеген тәртіпке қатаң сәйкес түрде өткізіледі.

 Сәттілік, достар!