мәзірі

Ұлттық
балалар ән
байқауы


ЕРЕЖЕ «Бала дауысы-2018» (үзінділер)

БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

  1. Байқауды ұйымдастырушылар: «Жандану әлемі» ЖҚ, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры.

  2. Байқаудың мақсаты: 8 бен 12 жас аралығындағы музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және болашақта олардың қабілеттерін дамытуға көмектесу. 

  3. Байқауға қатысушылар: байқауға қатысуға 8 бен 12 жас аралығындағы балалар шақырылады.

I. ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ

1 іРІКТЕУ КЕЗЕҢІНІҢ 1-САТЫСЫ

15 НАУРЫЗ – 15 СӘУІР

2018 жылы іріктеу кезеңі онлайн режімінде өтеді, яғни балалар өз өтінімдерін www.notka.kz сайтына жолдауы тиіс.

  1. www.notka.kz сайтына кіріп, сауалнама толтыру керек.

  2. Келесі үлгі бойынша бейне камераға немесе мобильді телефонға (көлемі 250 Mb аспауы қажет!!!) түсіре отырып, бейне-өтінімді дайындауы тиіс:

    а) Сәлеметсіз бе! Менің атым (тегі, аты).

    б) Мен___ жастамын.

    в) Орындаушы кез келген тілде және кез келген жанрда 2 немесе 3 ән үзіндісінаcapella (фонограммасыз) түрінде орындайды. Бейне түсірілімнің ұзақтығы 3 минуттанаспауы тиіс!

  3. Толтырылған сауалнамаға бейне-өтінімді тіркеп, «Жіберуді» басу керек.

  4. Қатысушы бір ғана өтінім бере алады.

  5. Кәсіби қазылар алқасы қатысушының вокалдық қабілетін, әртістік шеберлігін, үйірімпаздығын бағалайды.

ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНІҢ 2-САТЫСЫ

15 СӘУІР – 27 СӘУІР

Кәсіби қазылар алқасы әр облыстан 5 адамнан таңдап, Алматы қаласына «жанды тыңдалымға» шақырады. 80 финалисттің тізімі 2018 жылдың 27-ші сәуірінде байқаудың ресми www.notka.kz сайтында жарияланады.

ІІ. АЛМАТЫ

ІРІКТЕУДІҢ 3 КЕЗЕҢІ – «жАНДЫ ТЫҢДАЛЫМ»

11 - 12 МАМЫР

  1. 11, 12 мамырда Алматы қаласына іріктеудің финалына өткен 80 бала келіп, «жанды» тыңдалым мен телевизиялық түсірілімге қатысады.

  2. «Жанды» тыңдалым кезінде қатысушылар кез-келген тілде, жанрда 2 әннің үзінділерін минуспен орындай алады. Әділ-қазылар қатысушының қосымша a capella (фонограммасыз) түрінде 1 ән айтуын талап етуге құқылы. 

  3. «Жанды» тыңдалымның қорытындысы бойынша, кәсіби қазылар алқасы 16 аймақтан 1 жеңімпаздан анықтап, «Финалист «Бала дауысы – 2018» мәртебесін және қазан айында Ұлттық «Бөбек» орталығында өтетін «Бала дауысы» Жұлдызды үйіне жолдаманы табыстайды.

  4. Жазғы кезеңде 16 финалистермен репертуарды таңдау, сахналық костюмдерді тігу жұмысы жүргізіледі.

ІIІ. АСТАНА

БАЙҚАУДЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ.

26 мамыр, Астана қаласында «Бала дауысы» Байқауы 3 мауысымының салтанатты ашылуы өтеді.

ІV. АЛМАТЫ

«ЖҰЛДЫЗДЫ ҮЙ»

  1. Финалисттер – 2018 жылғы 09 қазан мен 01 желтоқсан аралығында Алматы қаласына27 қазанда, 3,10,17,24 қарашада, 1 желтоқсанда ресми телеарнаның эфирінде көрсетілетін сенбілік 6 байқау бағдарламасының түсіріліміне қатысуға келеді.

  2. Телекөрермендер интернет-дауыс беруге қатысып, «Халық махаббаты» жүлдегерінің иегерін анықтайды.

  3. Байқаудың 6 бағдарламасының әрқайсысы аяқталғаннан кейін кәсіби қазылар алқасы әрбір финалисттің көрсеткен өнерін бағалайды.

V. АСТАНА

«СУПЕР-ФИНАЛ – ГАЛА-КОНЦЕРТ»

  1. Финалисттер – 2018 жылғы желтоқсан мен 9 желтоқсан аралығында супер-финалдың телевизиялық түсіріліміне қатысуға Астана қаласына келеді, ол ресми арнаның тікелей эфирінде желтоқсанда көрсетіледі.

  2. Кәсіби қазылар алқасы сенбілік 6 байқау бағдарламасында жинаған ұпайлар жиынтығы бойынша Байқаудың лауреаттары мен Гран-при иегерлерін анықтайды. Финалда өнер көрсеткені бағаланбайды.

  3. Гран-при иегеріне білім беру Гранты және Диснейлендке жолдама табысталады.