мәзірі

Ұлттық
балалар ән
байқауы


"Бала Дауысы арман қанатында" әндер жинағы

Сөзі Арасанбай Естенов
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Өнер қуған баламыз
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Тату-тәтті арамыз
Біз балдырған баламыз.
Қосып, алып сандарды
Жазу жаза аламыз.

Қайырмасы:
Әнші, биші балапан,
Біз өнерлі балақан.
Ән саламыз, билейміз,
Жайнап өскен гүлдейміз.

Ортақ туған даламыз,
Ортақ думан қаламыз.
Туған жерден нәр алып,
Өнер қуған баламыз.

Қайырмасы.

Сөзі Арасанбай Естенов
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Бүлдіршіннің арманы
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Бала-бақша үйіміз
Әзіл ән мен күйіміз.
Ойыншық та көп мұнда
Қызықты ойын, биіміз.        

Бәрі жақсы расында,
Бірге ойнаймыз осында.
Болар еді-ау тіпті әйбат,

Әжем жүрсе қасымда.

Сөзі Арасанбай Естенов
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Біз ересек баламыз
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Жасымыз толды жетіге,
Ересек біздер баламыз.
Екіні қосып екіге,
Қаріп те жаза аламыз.    

Жуытар бойға жамандық
Біз емес нашар балақан.
Өнермен жастай атандық
Әнші де биші балапан.           

Зейінді зерек тағы бар,
Күйші – енді біріміз.
Бұлақтай таудан ағылар
Дап-дайын тақпақ , жырымыз.    

Сөзі Ұстаздар – ұрпақ бағбаны
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Ұстаздар – ұрпақ бағбаны
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Болса да қанша жанашыр
Еңбек етпес бекерге,
Көңілі – күндей, жаны – асыл,
Ұстазға жан жетер ме?

Қайырмасы:
Ойлаумен елінің ертеңін,
Мәпелеп жеткізген өркенін
Ұстаздар – жас ұрпақ бағбаны.
Үміті алдамас алдағы,
Парасат, даналық арманы
Ұстаздар – жас ұрпақ бағбаны.

Баршаның мәңгі жадында,
Ұстаз еккен гүл бағы.
Жаралған асыл задында
Асқар таудай тұлғалы.

Қайырмасы.

Сөзі Арасанбай Естенов
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Жасасын
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Мереке бүгін, бақ күні
Егеменді елімнің.
Желбірейді көк туы
Түсіндей боп көгімнің.

Қайырмасы:
Жасасын, жаса, Азат күн.
Жасасын бейбіт ел, су, жер!
Еркіндік алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел.

Шырқалады шарықтап,
Асқақ үнді – Әнұран.
Көңіл құсы қалықтап,
Шаттана бір қол ұрам.

Қайырмасы.

Сөзі Арасанбай Естенов
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Жаңа жыл жыры
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Күн тізбесін парақтап,
Жыл жетіпті өлкеме.
Жауа түссін қар аппақ,
Орап мамық көрпеге.

Қайырмасы:
Қызыл бөркі басында,
Қарша қызы қасында,
Аяз ата келіңіз,
Шыршамызды көріңіз.
Шеңбер құрып айнала,
Би билейік бәріміз.

Жаңа жылым, жаңа бақ,
Жаңа шаттық ала кел!
Ел мерейін даралап,
Бақ жұлдыздай жана бер!

Қайырмасы.

Сөзі Арасанбай Естенов
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Менің әжем
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Ақ жаулығын сәндеп ап,
Берер бізге ән де сап,
Әжем менің бал бармақ
Аспазшы да әмбебап.

Қайырмасы:
Дастарқаны, сай бәрі,
“Қош келіпсіз!” – айтары,
Әжем әр кез қарсы алар
Қонақтарын жайдары.
Әжем әр кез қарсы алар
Қонақтарын жайдары.

Әр жүректен ән тыңдап,
Жүрер ылғи жарқылдап,
Көмекейі бал құндақ
Менің әжем – алтын бақ!

Қайырмасы.

Сөзі Арасанбай Естенов
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Наурыз жыры
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Шаттық нұрға малынған
Жас та, қарт пен әже де.
Аралап, ауыл-ауылдан
Тойдық бір наурыз көжеге.

Қайырмасы:
Шуағын төге күлімдеп,
Жадырап, жайнап шықты күн.
“Ұлыстың ұлы күні” – деп,
Арқа да жарқа жұрт бүгін.

Үлкендерге ілесіп,
Атыздар бойын бойладық.
Асық ойнап, күресіп,
Наурыз тойын тойладық.
Қайырмасы.

Сөзі Арасанбай Естенов
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Байқоңыр – ғарыш айлағым
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Ерлігін ел  ардақтар
Ғарышкердей саңлақтар
Сапар шегер жұлдызға
Байқоңырдай айлақ бар.

Қайырмасы:

Танылып дос-жаранға,
Аты шыққан ғаламға,
Таңданады дүние
Байқоңырдай алаңға.

Жұлдыздарға арнап ән,
Жер мен көкті жалғаған,
Байқоңырдан ер ұлдар  
Көк жүзіне самғаған.

Қайырмасы.

Сөзі Арасанбай Естенов
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Бірлік күні
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Ұлан байтақ жеріміз,
Төбемізде бір аспан.
Ұлы дала еліміз,
Ынтымағы жарасқан.

Қайырмасы:

Күн-күн сайын жаңғырып
Жасампаздық тірлігі,
Жасай берсін мәңгілік
Халқымыздың бірлігі.

Бүгін мейрам – бақ күні,
Бейбіт тұрмыс, тірлікте.
Бұл өмірдің шаттығы
Ынтымақ пен бірлікте.

Қайырмасы.

Сөзі Арасанбай Естенов
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Ұлы дала ұланымыз
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Бабамыздан  бақ  дарыған
От намысты, шат-шадыман
Асқақтаған жыр-әніміз.
Алашымдай сүйікті елде,
Қанат қаққан биіктерге
Тәуелсіз ел ұланымыз.

Қайырмасы:
Елін сүйген ұлы – дана,
Әні – дара, жыры ­– жаңа
Қазақстан – алтын бесік,
Отанымыз – ұлы дала.

Қайта түлер, жаңғырып ер,
Алаш елім – мәңгілік ел
Алтын тұғыр­-тұрағымыз.
Арай төккен зеңгір көктен
Көк байрағын желбіреткен
Ұлы дала ұланымыз.

Қайырмасы.

Сөзі Арасанбай Естенов
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Қанат қағар (Мектеп бітірушілер әні)
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Кеше ғана бала едік,
Табалдырық аттаған.
Бүгін міне, түледік,
Қыран құстай баптаған.
Ұланбыз тартар сыйы алда,
Арқалар заман жүгін де.
Түлегің болып қиянға
Ұшқалы тұрмыз бүгінде.

Қайырмасы:
Шарқ ұрып көңіл сабылар,
Бал дәурен шақты қия алмай.
Ұжмақ үй қайдан табылар
Мектебің – ыстық ұяңдай.

Анамыздай аялап,
Өсіріп, баулып жеткізген.
Ұстаздар – жаны сая бақ,
Рақмет сізге көп бізден.
Қиял құсы аспандап
Жетті міне ақтық сәт.
Дәл бүгіннен басталмақ,
Үлкен өмір, жастық шақ!

Қайырмасы.

Сөзі Арасанбай Естенов
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Көгершінім
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Көп шарлаумен көк төрін
Қанаттарың талды ма?..
Көгершінім, кептерім,
Келіп қондың алдыма.

Қайырмасы:
Көгершінім, кептерім,
Сенсің бақыт құсым да.
Бөтендігім жоқ менің,
Жақындай бер, қысылма.
Қос жанарың мөлтілдеп,
Балалардан қашпайсың.
Кетпейсің тым еркіндеп,
Әдептен де аспайсың.

Қайырмасы.

Құлпырады неше өңмен,
Қанаттарың сиякөк.
«Жем жеймісің?» - десем мен,
Бас изейсің «иә» деп.

Қайырмасы.

Сөзі Арасанбай Естенов
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Сәби қиял
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Сұлулығы керемет,
Келіп қонды дегелек.
Ұшып кетті-ау бөгелмей,
Жақындайық  деген ек.

Қайырмасы:
Ойламастан жаңсақ ой,
Қасымызға қонса ғой.
Тым болмаса бірге ұшар
Қанатымыз болса ғой!

Көйлек киген керемет,
Келіп қонды көбелек.
Ұшып кетті-ау бөгелмей,
Жақындайық деген ек.

Қайырмасы.

Сөзі Арасанбай Естенов
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Ұлы Астана
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Үйлері көкке ұмтылған,
Көшесі гүлмен құлпырған,
Таңдана әлем көз тіккен
Көркіне сұлу нұр тұнған.

Қайырмасы:
Жер кіндігі жерімнің,
Еркіндігі елімнің,
Жыр Астана, нұр Астана,
Ұлы Астанам менің бұл!

Таңғажайып ертегі,
Бір қаланың көркемі.
Келбетінен көрінер
Қазағымның ертеңі.

Қайырмасы.

Сөзі Арасанбай Естенов
Әні Айсұлу Тани
Ән атауы Бірге ән шырқайық (Бала дауысы гимн)
Әуен
Скачать
Минус
Скачать
Мәтін

Бал қылықты бала – 
Бірлігіміз, Тірлігіміз,
Бұл өмірдің жаңа– 
Бастауымыз, 
Асқарымыз.

Атқанда ақ таң, 
Балауса бақтан. 
Қанатын қаққан, 
Шырқайық әнді біз.. 

Қайырмасы: 
Бала дауысы – 
Сүйкімді сұлу саз сырнайлы. 
Бала дауысы –
Арынды а ғындай тынбайды.
Бала дауысы –
Мәңгілік өмірді жырлайды.
Бақытты баламыз,
Әнімізбен шаттанамыз біз.

Өнерлі баламыз, – 
Өскен өлкем, 
Елім көркем. 
Жазира даламыз, 
Кеңдігіміз, 
Елдігіміз.

Атқанда ақ таң, 
Балауса бақтан. 
Қанатын қаққан, 
Шырқайық әнді біз.. 

Қайырмасы: 
Бала дауысы – 
Сүйкімді сұлу саз сырнайлы. 
Бала дауысы –
Арынды а ғындай тынбайды.
Бала дауысы –
Мәңгілік өмірді жырлайды.
Бақытты баламыз,
Әнімізбен шаттанамыз біз.

Жаңылма, жүрген жолың дара, 
Табасың сен бақытыңды, бала.