мәзірі

Ұлттық
балалар ән
байқауы


СӘЛЕМ, СҮЙІКТІ ДОСТЫМ!!!

Сенің жасың 8 бен 12 аралығында ма?

Ұлттық «БАЛА ДАУЫСЫ» балалар ән байқауының қатысушысы болғың келеді ме?

ОНДА БҰЛ АҚПАРАТ САҒАН ЖӘНЕ СЕНІҢ ДОСТАРЫҢА АРНАЛАДЫ!!!

1-қадам.

- Бейне камераға немесе мобильді телефонға бейне-өтінімді түсір (3 минуттан аспауы тиіс!!!), онда төменде көрсетілген мағұлматтар болуы тиіс: 

  • Сәлеметсіздер ме! Менің атым (аты және тегі)!

  • Мен ___ жастамын. 

  • Кез келген тілдегі және кез келген жанрдағы сүйікті 2-3 ән үзіндісін аcapella (фонограммасыз) түрінде орында.

Саған бейне-өтінімді түсіруге сенің ата-анаң, жақындарың мен туыстарың, достарың мен сыныптастарың көмектесе алады. Біз үшін ең бастысы – сенің қайталанбас даусыңды есту, сенің мейірімді көздеріңді көру және сенің әртістік қабілетіңе тәнті болу! Кәсіби қазылар алқасының мүшелері сенің дәл осы қасиеттеріңді бағалайды!

2-қадам.

- 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында жұмыс істейтін www.notka.kz сайтына кіріп, ата-анаңмен немесе үлкен аға-әпкелеріңнің көмегімен сауалнаманың барлық бөлімдерін толтыр!  

- Толтырылған сауалнамаға бейне-өтінімді тіркеп, «ЖІБЕРУДІ» бас.

3-қадам. 

- Өтінімді бергеннен кейін сенің электронды поштаңа өтінімнің қабылданғаны және деректер базасына енгізілгені туралы хабарландыру келеді. Сенің электронды поштаң болмаса, сен www.notka.kz сайтына кіріп немесе үйлестірушіге телефон соғып (телефондары сайтта көрсетілген!), өтінімнің қабылданғанына көз жеткізе аласың!

4-қадам.

- Кәсіби қазылар алқасы әрбір бейне өтінімді өте мұқият тыңдап, Байқаудың финалына өтетін жеңімпаздарды атайды! Жеңімпаздардың есімдерін 27 сәуірде www.notka.kz сайтынан біле аласыз.

Байқауға қатысу өтінімін сен бір ғана рет бере аласың.


СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!!!

Құрметпен, «Бала дауысы» байқауының ұйымдастыру комитеті!