Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»
Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»

«Бала дауысы»
Ұлттық балалар ән конкурсын өткізу қағидалары

I. Конкурстың мақсаттары

1. Музыкалық дарыны бар балаларды анықтап, қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және болашақта олардың қабілеттерін дамыта түсуге көмектесу;

2. Отансүйгіштікке тәрбиелеу, жалпы адами құндылықтарды қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту болып табылады.

II. Конкурсты өткізу тәртібі

1. Ұлттық «Бала дауысы» ән конкурсы (Конкурс - әрі қарай) 2022 жылының 5 сәуірінен бастап 10 қазанға дейін өткізіледі.

2. Конкурсқа 8 жастан 12 жасқа дейін қоса алғанда жастағы балалар қатыса алады.

3. Конкурс 3 кезеңнен тұрады:

1) І кезең (2022 жылғы 1 сәуірден бастап 15 мамырға дейін) - қашықтан іріктеу кезеңі.  

Конкурсқа қатысу өтінімдерін қабылдау www.baladauysy.kz сайты арқылы 5 сәуірден бастап жүзеге асырылады.

Өтінім төмендегі шарт бойынша қабылданады:

а) конкурстың ресми сайтында көрсетілген үлгі бойынша толтырылған анкетасы;

б) электронды форматта туу туралы куәлік көшірмесі;

в) қатысушы a-capella (музыкалық сүйемелдеусіз) түрінде орындаған кез келген тілдегі және кез келген жанрдағы 1 (бір) ән композициясынан тұратын, өнер көрсетуінің бейне түсірілімі.

Өтінімдерді қарау кезінде қатысушы-орындаушы: ырғақ сезімі; дауыс әуезінің сұлулығы мен дауыс күші; әртістік және хореографиялық қабілеті бойынша бағаланады.

Қашықтықтан іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қашықтықтан іріктеу кезеңінің қазылар алқасы әрбір облыстан, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан бір жеке қатысушы-орындаушыны таңдайды және ол Конкурстың финалдық кезеңіне қатысуға шақырту алады.

Қашықтықтан іріктеу кезеңінің барлық қатысушыларына, оның қорытындыларына қарамастан, өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайларға Конкурс логотипі бар электрондық дипломдарды жіберу қарастырылған.

2) ІI кезең (2022 жылғы 1 маусымнан бастап 10 маусымға дейін, 15 тамыздан бастап 25 тамызға дейін) - финалдық кезеңіне дайындық – вокал, хореография, актерлік шеберлік бойынша оқыту сабақтарын ұйымдастыру мен өтізуден тұрады. Өтетін орны – Алматы қаласы.

3) III кезең (2022 жылғы 2 қазаннан 10 қазанға дейін) – финалдық кезеңі - жаңа балалар әндері жинағының тұсаукесерін; конкурстың концерттік бағдарламасын қамтиды, бұлар Алматы қаласында өтеді.

4. Конкурстық концерттік бағдарламада балалар музыкалық бэндтың сүйемелдеуімен ұйымдастыру комитеті белгілеген композицияны өз бетінше орындайды.

5. Конкурстың лауреаттарын (1 орын – 1 жүлдегер, 2 орын – 2 жүлдегер, 3 орын – 3 жүлдегер) және Конкурстың Гран-при иегерлерін қазылар алқасы анықтайды.

6. Конкурстың Гран-при иегеріне Қазақстан Республикасының кез-келген музыкалды оқу орнына (қатысушының таңдауы бойынша) Грант табысталады.

7. Барлық финалға қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, сонымен қатар атаулы мүсіншелермен марапатталады.

8. Финалға қатысушылардың және олармен еріп жүретін бір ата-ананың немесе заңды өкілдің финалдық-жабылу кезеңіне дайындыққа және финалдық -жабылу кезеңі өткізілетін жерге келіп-кету жол шығыны, сонымен қатар тамақтану мен тұру шығыны Ұйымдастырушылар комитетінің қаражаты есебінен өтеледі.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: тел.: +7 (727) 229 25 77, +7 777 355 76 76, электронды пошта 2022bala@mail.ru.