Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»
Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»

«Бала дауысы» әлеміне саяхат

Міне, тағы да көктем келді! Біз қайтадан 5 сәуірде кезекті рет «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының осымен жетінші маусымының ашылатынын қуана-қуана хабарлаймыз! Байқауды ұйымдастырушы -Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.

Сегіз жасар Жасмин Түзелованың көңілі толқып, көзіне жас толып, «Бала дауысы» - 2021 байқауының гран-при иегерінің армандағы мүсіншесін алып жатқаны кеше ғана сияқты еді, ал Майя Болат төртінші талпыныстан барып байқау финалына қатысушылар құрамына ілігіп, үшінші сыйлыққа ие болатынына сенбеген еді. Виктор Емельянов пен Юлия Макстің ата-аналары дипломанттар қатарынан өз балаларының аты-жөндерін естіп, бірін-бірі құшақтап, эмоцияға ерік беріп, сахнаға жүгіріп шығуға дайын тұрған! Осының барлығы 2021 жылғы 4 және 6 қазанда «Қазақстан» Орталық концерт залының сахнасында болды... Уақыт зымырап өте шықты, енді біздің сол кішкентай балақайларымыз «Бала дауысы» -2022 байқауының қашықтан іріктеу кезеңіне өтінім беруге дайындалып жатқандардың барлығына өздері кеңес беруге дайын. Бастапқыда, жаңа маусымның қалай өтетіні туралы қысқаша айта кетейік.

Жаңа маусымды 5 сәуір мен 15 мамыр аралығында өтетін қашықтан іріктеу кезеңі ашады. Оған қатысуға Қазақстанның түпкір-түпкірінен 8 жас пен 12 жас аралығындағы балалар шақырылады. Іріктеу кезеңіне қатысу өтінімін www.baladauysy.kz сайты арқылы беруге болады. Іріктеу кезеңіне қалай дайындалу керек? Біздің балақайлардан- өткен жылғы «Бала дауысының» дипломанттарынан кеңестер!

Жасмин Түзелова, Нұр-Сұлтан қаласы: «Құрметті достар! Бала дауысы байқауында барлықтарыңызға сәттілік тілей отырып, сіздерге беретін кеңесім-жобаға тандаған әнің сенің вокалдық қабілетіңді толық көрсететін және өзіңе ұнайтын болуы керек, тыңдарманның жүрегіне жеткізіп, сендіре білсең сен жобада боласың!».

Мая Болат, Түркістан облысы: «Қатты армандау керек. Тоқтамай вокалға барып, көп дайындалу керек. Егер бір кастингтен өте алмай қалсаң, мұңаймай келесісіне үлкен дайындықпен келу керек. Ең бастысы-өзіңе сену керек».

Виктор Емельянов, Қарағанды облысы: «Сен өтінім жіберген кезде өзіңнің өтіп кетуге мүмкіндігің бар екенін, ал жібермесең, сенде ондай мүмкіндіктің ешуақытта болмайтынын есте сақтау керек. Мен бірінші реттен өтіп кеттім, бірақ бұған дейін ешуақытта өтінім жіберіп көрген емеспін, сондықтан қатты күмәндандым. Содан соң тәуекелге бел будым да, өтіп кеттім, тіпті өзім де аң-таң болып, бақытқа кенелдім. Ең бастысы-ешкімге еліктемей, өзіңді көрсету. Әнді жазар алдында барлық сәтті жақсылап ойластырып, дайындалу керек. Қате туралы ойланбайтын деңгейге жеткенше дайындалу керек».

Юлия Макс, Алматы қ.: «Мен барлық қатысушыларға бұл жобадан жәй ғана рақат алуды тілеймін. Қобалжымаңыздар. Сіздің қалаңыздан өтінім берген барлық баланың ішінде дәл сіздің финалға өткеніңізге қуану керек. Қысылмай, өзге балалармен танысыңыз. «Бала дауысы» - ұмытылмайтын эмоциялар, әсерлер, бұның барлығы өмір бойы есте қалады. Менің ойымша, «Бала дауысы» - балаларға арналған ең керемет байқау. Ол баланың ашылуына және шығармашылық әлеміне адымдап керуіне көмектесетін байқау екенін есте сақтаңыз!…»

Ал іріктеу кезеңінен кейін ше? 20 мамырда кәсіби қазылар алқасы қашықтан іріктеу кезеңінің 17 жеңімпазының атын атайды – әр аймақтан бір-бір орындаушыдан іріктеліп, олар финалға дайындала бастайды.

1 маусым мен 1 қазан аралығында 17 жас вокалшыға арнап вокалдан, хореографиядан, актерлік шеберліктен сабақтар, белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен шеберлік кластары, фотосессиялар, телевизиялық роликтердің түсірілімдері ұйымдастырылады… Ең қызығы: балалар нағыз музыкалық брендпен жұмыс істейді!

Байқаудың финалдық кезеңі 8 қазанда Алматыдағы Республика сарайында өтеді. Балалар көрермендерге ұмытылмас екі шоуды сыйға тартады, онда балалар сольдік түрде және өз әртіс-тәлімгерлерімен бірігіп дуэтпен бэндтің сүйемелдеуімен танымал қазақстандық, әлемдік және авторлық композицияларды орындайды.

«Бала дауысы» байқауының гран-при иегеріне еліміздегі ең беделді музыкалық оқу орындарының біріне Оқу гранты және таңғажайып Лапландияға шақырту табысталады! Дипломанттарға атаулы мүсіншілер мен 11 номинация бойынша бағалы сыйлықтар табысталады.
Балалардың барлық кезеңдерге қатысуы тегін екенін тағы бір рет атап өтеміз. «Бала дауысы» 7 маусымының ресми серіктесі - Нұрсұлтан Назарбаев Қоры.

Құрметті балақайлар! Біз сіздердің байқауға қатысуларыңыз сіздердің қабілеттеріңізді аша түсуге көмектесетініне сенімдіміз! «Бала дауысы» әлеміне аттаған қадамдарың оң болсын!